«EXCLUSIVE» САУДА ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Үстіміздегі жылдың 4 ақпан күні Әйтеке би кентінің орталығында орналасқан жеке кәсіпкер Туребекова Ғалияның «Эксклюзив» сауда үйі пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі М.Ергешбаев жаңа кәсіпкерлік нысанның жұмысына сәттілік тілеп, кешеннің ішкі көрінісімен танысты.«Exclusive» сауда үйінде ұлттық нақыштағы киімдер, перделер бұйымдар арнайыланған машина құралымен тігілетін болады.Сауда үйінің 1 қабатында перде сатылатын бөлмесі, 2 қабатында жапқыш (жалюз) , мата және ұлттық нақыштағы киімдер сатылатын бөлмелері орналасқан. Сауда үйінде 8 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, халыққа сапалы қызмет көрсетіледі.Жаңа кәсіпкерлік нысанның жұмысына сәттілік! 

Құрметті Қазалы ауданының кәсіпкерлері!

 Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері» Заңының қағидаларына сәйкес көтерме және бөлшек сауда саласында, қонақ үй, мейрамхана, сақтандыру шеңберінде, денсаулық сақтау шеңберінде, білім беру, спорттық саласында қызмет атқаратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер арнайы төлем карточкасы арқылы төлемдерді жүзеге асыруға арналған қондырғы, яғни POS-терминал арқылы төлемдерді қабылдауына міндетті болып келеді.Егер POS – терминал болмаса…Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 195-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмауы – ескерту жасауға әкеп соғады.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық АЕК;орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс АЕК;ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2019 жылдың 1 қаңтарынан 1АЕК – 2525 теңгені құрайды.Осыған орай, Сізден өз сауда объектіңізде аталған төлем жүйесі қондырғыларының орнатылуын қамтамасыз етуіңізді сұраймын.«Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

«САУДА ҮЗДІГІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Қазақстанның сауда кәсіпорындарының «Сауда Үздігі» республикалық байқауы Қызылорда қаласында өткізілуде.Байқау ағымдағы жылдың 22-23 қарашасы аралығында өткізу жоспарланған.«Сауда Үздігі» байқауының мақсаты - кәсіпкерлердің кәсіби қызметіне жоғарғы баға берумен қатар Қазақстанның сауда кәсіпорындарының үздік басшыларын анықтау, сервис деңгейін және қызмет көрсету сапасын көтеру, еліміздегі сауда саласына заманауи формаларды енгізу болып табылады.«Сауда Үздігі» Республикалық байқауының алғашқы күнінде 2017 жылы үздік деп танылған бірқатар кәсіпорындар мен зауыттардың жұмыс барысымен таныстыруда. Аталған «Сауда үздігі» республикалық конкурсына Қазалы ауданынан бірқатар кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерде қатысуда. 

«ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ЖАС КӘСІПКЕРІ» НОМИНАЦИЯСЫ

2018 жылдың 21 қарашасында Қазалы ауданында өткізілген «Жастар! Бизнес! – Жарқын Болашақ! атты Қазалы аудандық жастар форумында «Жылдың ең үздік жас кәсіпкері» номинациясымен Қазақстан қолөнершілер одағының Қазалы аудандық филиалының төрайымы, сонымен қатар Қазалы қаласындағы «Мархаббат» қолөнер орталығы жетекшісі жеке кәсіпкер Мархаббат Маратқызы марапатталды. Сондай – ақ, өткізілген форумда «Мархаббат» қолөнер орталығының қазіргі ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен көмкерілген төсек жабдықтар мен қыз жасауы көрмеге қойылды.Тапсырыс беру үшін мына 8702 831 9131, 8702 793 1404 байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады.

ЖАС КӘСІПКЕР БИМБЕТОВА ӘЛИЯНЫҢ НӘРЕСТЕЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАРЫ

2018 жылдың 21 қарашасында Қазалы ауданында өткізілген «Жастар! Бизнес! – Жарқын Болашақ! атты Қазалы аудандық жастар форумында ұйымдастырылған көрмеде Өркендеу ауылдық округінің жас кәсіпкері Бимбетова Әлияның нәрестелерге арналған жабдықтары қойылды.Жас кәсіпкер Бимбетова Алия «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік грантқа қол жеткізіп, Жанкент ауылында тігін шеберханасын ашып жұмыс жасауда.Денсаулыққа пайдалы, табиғи өнімдерді дайындау шеберден аса жауапкершілік пен ісмерлікті талап етеді. Нәрестелердің жамылғы-төсеніштерін тігуге қоспасыз, таза мақта мата таңдалып тігіледі.Жас кәсіпкер Бимбетова Алияның байланыс телефоны 8775 766 24 85. 

Қазалы аудандық жастар форумының өз дәрежесінде өткізуге атсалысқан үшін бірқатар жас кәсіпкерлер марапатталды

«Жастар! Бизнес! – Жарқын Болашақ! атты Қазалы аудандық жастар форумының өз дәрежесінде өткізуге атсалысқан үшін бірқатар жас кәсіпкерлер Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.Марапаттарыңыз құтты болсын!Кәсіпкерлік саласындағы қызметтеріңізге үлкен абырой тілейміз. 

Жастар! Бизнес! – Жарқын Болашақ!

2018 жылдың 21 қараша күні Қазалы ауданында №249 мектеп-лицейінде «Жастар! Бизнес! – Жарқын Болашақ! атты Қазалы аудандық жастар форумы өткізілді. Жастар мен жас кәсіпкерлер форумының мақсаты - мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған түрлі бағдарламалар арқылы көмектерді пайдаланып, жастардың қоғамда өз орнын айқындау және олардың уақыт талабына бейімделіп, жаңа кәсіп түрлерін қолға алу, өндіріс орындарын ашып жұмыссыздықты азайтуға өз үлестерін қосуға шақыру болып табылады.Форумда облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры Қамар Назарбекқызы, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бас маманы Нұрлан Полатханұлы және облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Ардақ Әбиұлы хабарламалар жасады.Сонымен қатар, ауданымыздың әлеуметтік – экономикасының дамуына үлес қосып жүрген жас кәсіпкерлер мен ауданның белсенді бірқатар жастары марапатталды. Шара соңы мерекелік кешке ұласты.