Назад к списку

СТАМБУЛ ҚАЛАСЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН БИЗНЕС-ФОРУМ

 Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы 2019 жылдың 10-11 қараша күндері Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ұ. Маминнің Түрік Республикасына іссапары шеңберінде Стамбул қаласында Қазақстан-Түрік бизнес-форумын өткізу жоспарланғанын хабарлайды. 

Форум бағдарламасының жобасы агроөнеркәсіптік кешенжәне «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы мәселелеріне қатысты тақырыптық панельдік сессиялар өткізуді қарастырады. 

Аталған форумға қатысуға қызығушылық танытқан кәсіпкерлер Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің 23-8-17 байланыс нөмірі арқылы хабарласуға болады.