Назад к списку

Әйтеке би кентінің тұрғыны өз бизнесін Германиядан эксперт шақырту арқылы дамытуды жоспарлап отыр

 Жеке кәсіпкер Құрақбаева Алтынкүл жыл сайын ауданымызда өткізілетін Кәсіпкер әйелдер бизнес форумында «Консалтингтік компания ПРЭКО Қызылорда» ЖШС директоры М.Тулепованың ақпараттандыруымен «SES - Аға эксперттер қызметі» бағдарламасы аясында Германиядан эксперт шақырды. 

Еліміз тәуелсіздік алып, нарықтық реформаға көше бастаған кезеңде Алтынкүл Тәжімұратқызы анасымен бірге кәсіпкерлік саласына бетбұрып, саланың қыр-сырына бейімделген. Алтынкүл Тәжімұратқызы кәсіпкерлік саласында 15 жылға жуық жұмыс жасап келеді. Кәсіпкер Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің орталығынан "Алтын Орда" қонақ үйін пайдалануға беріп, осы қонақ үйдің асханасын халықтың талғамына сай сапалы ас мәзірін дайындап, іске қосуды жоспарлаған болатын. 

 Өзінің қонақ үйі асханасының бизнесін дамыту мақсатында кәсіпкер «Консалтингтік компания ПРЭКО Қызылорда» ЖШС-мен ақылдаса отырып, Германиядан Эрхард Граф атты экспертті шақыртты.Аға эксперт Эрхард Граф мейрамхана, қонақ үй бизнесінде 50 жылдық тәжірибесі бар маман. Оның мейрамхана, қонақ үй саласында және менеджментті қосқанда кең кәсіби білімі экспертке аталған бағдарлама аясында біршама елдерге сапар шегуіне мүмкіндік берді. 

 Өзінің эксперттік миссиясының аясында Эрхард Граф жеке кәсіпкер Алтынкүл Тәжімұратқызының қонақ үй асханасының ас мәзірін дамыту бағытында тәжірибесімен бөліседі және 2019 жылдың 26 қазанына дейін қонақ үйдегі асхана персоналын оқыту да жоспарланған. 

 Қазалы ауданының кәсіпкерлік,өнеркәсіп және туризм бөлімі