Назад к списку

ІІ ӨҢІРАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ФОРУМ

 Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы 2019 жылы 26-29 қараша аралығында Қазақстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасында II өңіраралық ынтымақтастық форумы өткізілетіндігін хабарлайды. 

 Қазақстандық тарап Форумды «Агроөнеркәсіптік кооперацияны дамытудың жаңа тәсілдері мен тенденциялары» тақырыбында белгілеуді ұсынған. Форумның мазмұнын толықтыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қосымшада көрсетілген жоспар-кестеге сәйкес Өзбекстан өңірлерінің делегацияларын қабылдауға және Өзбекстан өңірлеріне делегациямен баруға тапсырма беруді жоспарлауда.

 Осы ретте, барлық кәсіпорындарды форумға қатысуға шақырамыз.Толық ақпаратты: 23-8-17 байланыс нөмірі арқылы біле аласыздар.