Назад к списку

ҚҰРМЕТТІ ЖҰМЫС БЕРУШІ КӘСІПОРЫНДАР, ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАР МЕН КӘСІПКЕРЛЕР

 Өздеріңізге белгілі, облыстың экономикасын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын мекемелердің мамандарға деген болжамды сұраныстары негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысы облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіліп келеді. 

 Осыған орай, облыс әкімдігінің 2020 жылға арналған қаулысы бекітіліп, сұранысқа ие мамандықтар тізбесі жасақталуда. Еңбек кодексінің 118-бабына сәйкес, ұйымның жұмыс істеуі мен дамуы үшін кәсіптік даярлаудың, қайта даярлау және біліктілікті арттырудың қажеттілігін және оның көлемін жұмыс беруші айқындайды. 

Сондықтан Сіздерден Қызылорда облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтарына сұраныстар жасауға шақырамыз. Ол үшін Әйтеке би кенті, Қ.Пірімов көшесі №5 ғимаратта орналасқан Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне немесе 23817 байланыс нөміріне хабарласып, кадрлардың қажеттілігі бойынша сұраныс жасауға өтінім бере аласыздар.