Назад к списку

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДА ӨТЕТІН СЕМИНАРҒА ШАҚЫРАМЫЗ

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы 2019 жылы 4 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының ұйымдастыруымен және «CISSA GROUP» Тайланд компаниясының қатысуымен іскерлік ынтымақтастықты дамыту мақсатында семинар өтетіндігін хабарлайды. 

 Аталған семинар екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға, сондай-ақ, екі елдің кәсіпкерлері арасындағы байланыстарды кеңейтуге, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. 

 Осы орайда, жоғарыда көрсетілген іс-шараға қатысуға қызығушылық танытқан жағдайда аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің 23-8-17 байланыс нөмірінен хабарласуларыңызға болады.