Назад к списку

КӨЛАРЫҚ, ҚҰМЖИЕК, ҚЫЗЫЛҚҰМ ЖӘНЕ МАЙДАКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ КЕҢЕСТЕР АЛДЫ

 Қазалы ауданының кәсіпкерлік өнеркәсіп және туризм бөлімі, жобалық басқару шеңберінде «Қазалы ауданының ауылдық округ тұрғындарына онлайн режимде бейнебайланыс арқылы кәсіпкерлік мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсету және кеңес беруді ұйымдастыру» жобасын іске асыруда. 

 2019 жылдың 17 қыркүйегінде Көларық, Құмжиек, Қызылқұм және Майдакөл ауылдық округ тұрғындарының және жеке кәсіпкерлердің сұрақтарына онлайн режимде бейнебайланыс арқылы жауап берілді. 

 Жобаға аудандық кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандары қатысты. 

 Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі КММ