Назад к списку

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ КҮНІ АЯСЫНДА БАЛЫҚ АУЛАУДАН АУДАНДЫҚ ЖЕКЕЛЕЙ ЖАРЫСТЫҢЕРЕЖЕСІ

 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ КҮНІ АЯСЫНДА БАЛЫҚ АУЛАУДАН АУДАНДЫҚ ЖЕКЕЛЕЙ ЖАРЫСТЫҢЕРЕЖЕСІ 

 Мақсаты мен міндеті- Аудан көлемінде балық аулау спортының бұқаралығын арттыру;- Салауатты өмір салтын қалыптастыру;- Балық аулаудан жеңімпаздарды облыстық чемпионатқа қатысуы үшін аудан құрамасын іріктеу болып табылады;Жарысты басқару мен өткізу орныЖарысқа жалпы басшылық жасау аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бекіткен төрешілеріне жүктеледі. 

Жарыс 2019 жылы 13 қыркүйек күні Қазалы ауданы, Басықара ауылындағы Сырдария өзенінде өткізіледі. Басталуы, жергілікті уақытпен сағат: 15-00 де басталады.Жарысқа қатысушыларды тіркеу уақыты сағат: 14:00 – 15:00 ге дейін.Жарысты өткізу тәртібіЖарыс, Қазақстан Республикасы балық аулау спортының федерациясының қолданыстағы ережесіне сәйкес өткізіледі. 

Жарыс қорытындысы бойынша барлық ойыншылардың жекелей жинаған ұпайының жиынтық есебі бойынша жеңімпаз орындар анықталады. 

Жекелей сында жарысқан спортшылар аулаған балықтың салмағы /таразы/ бойынша ұпай санымен анықталады. 

Ескерту: әр ойыншы жеке қармақпен (спиннинг) келуі тиіс және балық аулауға арналған жемтіктерге шектеу қойылмайды.Жарысқа қатысушылар- Жарыстың ережесі бойынша қатысушылар 18 жастан жоғары болуы тиіс. 

Сонымен қатар, жынысына (ер, әйел) шектеу қойылмайды.Жеңімпаздарды марапаттауЖеңімпаз және жүлдегер атанған спортшыларға аудан әкімінің І,ІІ,ІІІ дәрежелі грамотасы, Қазалы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубоктары мен медалдары және Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бағалы сыйлықтары табысталады.Ұйымдастыру алқасы:8724-38 23-8-16 8775 815 77 728775 333 62 12 

 Аталған балық ауландан аудандық жекелей жарысқа қатысуға ниет білдірушілер аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің 23-8-17 байланыс нөмірі арқылы тіркелу қажет екендігін хабарлаймыз.