Назад к списку

ЭКСПОРТТАУШЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ НАЗАРЫНА

 Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен ү.ж. 9 қазанда «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-ы өкілдері семинар өткізетінін хабарлайды. 

Семинарда «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-ы тарапынан кәсіпорындарға берілетін мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде экспорттаушылардың шығындарын өтеу бойынша берілетін мемлекеттік жеңілдіктер туралы талқыланады.Сонымен қатар, семинар барысында «Экспорттық кеңес» отырысының өткізілуі жоспарланып отыр. 

Осыған орай, экспорттаушы кәсіпорындарды семинарға қатысуға шақырамыз. 

 Семинар өткізілетін орын: Қызылорда облыстық мекемелер үйі, 4 қабаттағы «Ситуациялық орталық» мәжіліс залы. 

Семинар өткізілетін уақыт: 2019 жыл 9 қазан, сағат 10.00. 

Толық ақпаратты: Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің 23-8-17 байланыс нөмірі арқылы біле аласыздар.