Назад к списку

БАСЫҚАРА, БОЗКӨЛ, БІРЛІК ЖӘНЕ ҚАРАШЕҢГЕЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ КЕҢЕСТЕР АЛДЫ

 Қазалы ауданының кәсіпкерлік өнеркәсіп және туризм бөлімі, жобалық басқару шеңберінде «Қазалы ауданының ауылдық округ тұрғындарына онлайн режимде бейнебайланыс арқылы кәсіпкерлік мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсету және кеңес беруді ұйымдастыру» жобасын іске асыруда. 

 2019 жылдың 10 қыркүйегінде Басықара, Бозкөл, Бірлік және Қарашеңгел ауылдық округ тұрғындарының және жеке кәсіпкерлердің сұрақтарына онлайн режимде бейнебайланыс арқылы жауап берілді. 

 Жобаға аудандық кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандары қатысты. 

 Аталған жоба ауданымызда ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін жалғасатын болады. 

 Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі КММ