Назад к списку

АУДАН КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

 Облыс әкімінің қолдауымен 2017 жылдың 30 қаңтарынан бастап, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, өз жұмысын бастады. 

 Қызылорда қаласында және облыстың барлық аудандарында орталық мамандары кәсіпкерлерге «бір терезе қағидаты» негізінде 9 бағыт бойынша 66 қызмет түрлерін ақысыз көрсетеді. 

 Көрсетілетін қызмет түрлері: аймақтағы кәсіпкерлерге жер, сәулет және қалақұрылысы, мемлекеттік кірістер мәселелері, қаржы институттарының қаржыландыру шарттары, инженерлік желілерге қосылу, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, көші-қон қызметтері, өңірлік инвестиция орталығының қызметтері және т.б бойынша қызмет түрлерін көрсетеді.Осы орайда ауданымызда 2017 жылдың 5 мамырынан бастап Орталық маманы жұмыстар атқаруда. 

 Орталықтың ерекшеліктерінің бірі - газды, жылуды, электр энергиясын, сумен жабдықтау және кәріз желілеріне қосылуға кәсіпкерлерге рұқсат құжаттарын (техникалық шарттар) алып беру.

 2017 жылы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен монополия субъектілері арасында ынтымақтастық меморандум жасалған соң техникалық шарттарды алу мерзімі – 5 жұмыс күнін құрайды.Бүгінгі күні ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге рұқсат құжаттарын рәсімдеуге Қазақстанда барлық жағдайлар жасалып, кәсібін ашуға толық мүмкіншіліктер қарастырылған. Барлық кәсіпкерлерге сапалы қызмет көрсету Орталықтың басты мақсаты мен міндеті болып табылады. 

Сондықтан Сіздерді жоғарыда баяндалғандай осы Орталықтың қызмет түрлері мен кеңестерін алуға шақырамыз. 

 Орталық Әйтеке би кенті, Қ.Пірімов көшесі № 5үй, 1- қабат, 118- бөлмесінде орналасқан (Әйтеке би кентінің әкімшілігі). 

Байланыс телефоны: 8 702 914 2128. 

Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі