Назад к списку

«ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ» ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕР ФЕСТИВАЛІ

 Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде Байқоңыр қаласының әкімшілігінің ұйымдастыруымен Байқоңыр қаласында «Халықтар достығы» («Дружба народов») атты екінші ұлттық мәдени ет фестивалінің өткізілуі жоспарланып отырғандығын хабарлайды. 

 Фестивальдің мақсаты – облыс төңірігінде өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық қарым – қатынас мен мәдениеттерін нығайту болып табылады. 

 Аталған фестивальге қатысуға ниет білдірушілер аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлінің 23-8-17 байланыс нөміріне хабарласуларыңызға болады.