Назад к списку

«АУЫЛДЫҢ ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР» ФОРУМЫ

 Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы мен Жастар жылы аясында бүгін Қармақшы ауданы ІІІ-Интернационал ауылдық округінде «Ауылдың жас кәсіпкерлер» форумы өткізілуде. 

 Аталған форум аясында жас кәсіпкерлердің өндірген өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылып, Қазалы ауданынан жеке Кәсіпкер Құтжанова Гүлсая Бөкенбайқызының «Томпи» попкорндары, жеке кәсіпкер Балапан Назерке Серікболқызының «Қазақ ұлттық өнімдері» (көрпе жастық, көрпеше, қоржын, бесік белдіктері және т.б.) және жеке кәсіпкер Әлисламов Балтабек Әлібиұлының «Сыйлық бұйымдары» (сыйлық қорапшалары, қалташалар,фотосветильник) көрмеге ұсынылуда. 

 Сонымен қатар, Қазалы ауданының бір топ белсенді жас кәсіпкерлері «Ауылдың жас кәсіпкерлер» форумына қатысуда. 


 Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі КММ