«Bastau Бизнес» оқыту курсы

Бір ай бойы тәжірибелі бизнес-тренерлер кәсіпкерлік машыққа, ауылшаруашылығы кооперативтерін құру принциптерін үйретеді. Сонымен қатар, қаржылай емес қолдау шаралары туралы, салық салу режимі, қолданыстағы заңнамалар, бизнес жүргізуге қажетті идеялар туралы толымды ақпарат береді. Оқу процесінде міндетті түрде жекелей кеңес беру, қаржыландыруды алу мақсатында көпшілік алдында сөйлеуге дағдыландыру тренингтері өткізіледі. Жоба аясында ауыл тұрғындары үшін тегін білім ғана емес, сонымен қатар қатысушыларға стипендия беру қарастырылған.

Оқудың ұзақтығы: 1 ай.

Тіркелу үшін: Қазалы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы.

Оқыту орны: Қазалы аудандық кәсіпкерлер палатасы.

"Бизнес-Кеңесші" жобасы

«Бизнес – Кеңесші» жобасы өзіңіздің жеке бизнесіңізді қалай ашу немесе құрылған компанияның жұмысын қалай оңтайландыру керектігін айқындайды. Оқу барысында Сіз өзіңіздің жеке бизнесіңізді ашуға қажетті маркетинг, адам ресурстарын басқару, бизнесті жүргізудің құқықтық негіздері, қаржылар туралы білімді меңгересіз. Кәсіби оқытушылар жеке кәсіпкерлік бойынша оқыту жүргізеді. Оқу аяқталғаннан кейін жобаға қатысушылар сертификат алады.

Оқудың ұзақтығы: 2 күн..

Тіркелу және оқыту орны: Қазалы аудандық кәсіпкерлер палатасы